Кремльдегі кездесу: Тоқаев пен Путиннің диалогы және саяси ишаралар

Жаңалықтар
view 94
news

Фото: Ақорда

11 қараша күні Ресей басшысы Владимир Путин Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады. «КоммерсантЪ» басылымының тілшісі Андрей Колесников бұл кездесу ресми сапар шеңберінен асып, саяси символизмге толы маңызды диалогқа айналғанын жазыпты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Колесников атап өткендей, Тоқаев Мәскеуге келер алдында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен кездесіп, оған айрықша жылы лебіз білдірген. Журналистің жазуынша, бұл сөздер «Трампқа ұнаудың жолын жақсы білетін дипломаттың» мінезін көрсеткен. Ал Ресейге келгенде Тоқаев мүлде басқа, байыпты әрі прагматикалық реңк танытқан.

Оның айтуынша, Кремль Тоқаевты жоғары деңгейде қарсы алды: қазақстандық делегация ұшағын Ресей аспанында екі Су-35 жойғыш ұшағы қарсы алып, Мәскеуде Президентті бірінші вице-премьер Денис Мантуровтың өзі күтіп алды. Колесников мұны «Мәскеудің жылы ишарасы және өзара құрмет белгісі» деп бағалайды.

Андрей Колесниковтің байқауынша, екі Президенттің әңгімесінде дипломатиялық теңгерім сақталғанымен, Тоқаевтың Путинді «аға жолдас» деп айтуы Кремльмен қарым-қатынастағы сыпайы иерархиялық астарды аңғартты.

Бұл – саяси тәуелділік емес, тәжірибеге құрмет көрсету тәсілі. Тоқаев мұны шынайы және байыппен айтты, – дейді журналист.

Ол сондай-ақ Путиннің әңгіме барысында жылы жүз танытып, бейресми жалғасын шай үстінде өткізуді ұсынғанын да Кремльдегі сенімді атмосфераның белгісі деп есептейді.

Колесниковтың пікірінше, Тоқаевтың Мәскеуге сапары Қазақстан мен Ресей арасындағы диалогтың тұрақтылығын және екі ел басшыларының өзара түсіністігін көрсетті.

Тоқаев Путинмен сөйлескенде өз орнын жақсы сезінеді артық мақтау жоқ, бірақ айқын құрмет бар. Бұл прагматикалық, бір мезгілде нәзік дипломатиялық шеберліктің көрінісі, деп жазады Андрей Колесников.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілгенін жазған едік. 

Сондай-ақ Тоқаевтың 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратынын хабарлаған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *