Қостанайда саяжайларды нәжіс аралас су басып қалған

Жаңалықтар
view 95
news

Фото: видеодан скрин

Кәріздік коллектор жарылып “Энергетик” бау-бақша бірлестігі үш ай ішінде екінші рет лас судың астында қалды. Кейбір ауладағы су деңгейі тізеден асқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бұл не деген қорлық?!»

Ауаға тараған зәрдің өткір иісі қолқаны қабады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жолы ластану аумағы кеңейген. Аула, бақша, жертөле мен үйлерді лас сұйықтық басып қалды. Саяжайларда тұратын тұрғындар қыс таяғанда үйді су басып, далада қаламыз ба да алаңдап отыр.

Су тізеден асты. Біз аулада екінші үйдің құрылысын аяқтап жатырмыз, қазір суды соратын болса да түк ештеңе өзгермейді. Іргетас қирайды, қанша шығын, еңбек пен тапқан-таянған ақшамыз кетті. Бұған дейін ешқандай шара қабылданбады. Судың сараптамасы қайда? Бұл не деген қорлық?! – дейді тұрғындардың бірі Мария Лука.

Тоқтаусыз ағып жатқан нәжіс тоқтатылғаннан кейін техникалар үйдегі суды соруға кірісті.

Бірінші рет су басқанда су мен топыраққа анализ жасалды, бірақ нәтижесін сол күйі алған жоқпыз. Тағы су басып отыр. Кейбір үйлерге су кірді. Жағдай бұрынғыдан да нашар. Әкімдік қайда қарап отыр, көмек жоқ. Қазір аз емес қой, – деп наразылық білдірді “Энергетик” бау-бақша бірлестігінің төрағасы Денис Васкевич.

Әкімдік нендей уәж айтты

Әкімдік хабарлауынша, басты кәріздік сорғы станциясының аумағында орта қысымдық коллектор жарылған. Станцияның технологиялық алаңы мен оған жақын орналасқан аумақ, соның ішінде “Энергетик”бау-бақша бірлестігінің учаскелері су астында қалған.

Оқиға орнына жедел түрде “Қостанай Су” МКК мамандары келді. Апаттың салдарын шектеу үшін коллектордың негізгі тораптарындағы клапандар жабылды, жүйедегі қысымды азайту үшін апатты түрде ашылды. Дренаждық сорғылардың жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады әкімдік.

Жарылған жерден аққан су тоқтатылды. Су апатты резервуарға сорылып, аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдік мәліметінше, тұрғындарға және су бұру жүйесінің жұмысына қауіп жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *