Амазонканың байырғы тұрғындары Бразилияда өткен климаттық саммитке басып кірді
Фото: REUTERS/Anderson Coelho
Бразилияда өтіп жатқан климаттық саммит кезінде екі күзетші жарақат алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі BBC және Reuters агенттіктеріне сілтеме жасап.
Не үшін
Оқиға Амазонка өзенінің атырауында тұратын байырғы халық өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының COP30 климаттық саммиті өтіп жатқан Белен қаласындағы жиынға басып кіруге әрекет жасаған сәтте болған. Олар тропикалық ормандарды кесуден және ауыл шаруашылығына арналған жер ретінде пайдаланудан қорғау шараларын күшейтуді талап етті.
Бірнеше ондаған наразы қауіпсіздік шебін бұзып, саммит аумағына кіріп кеткен. BBC тілшілерінің хабарлауынша, БҰҰ қауіпсіздік қызметінің өкілдері аймақтан кетуге шақырып, қатысушыларды эвакуациялауға тырысқан.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда дәстүрлі қауымдық киім киген кейбір белсенділердің ғимарат ішіне енуге тырысқаны көрінеді. Олардың арасында «Біздің ормандар сатылмайды» деген жазуы бар плакат ұстаған бейбіт наразылар да болған.
Белсенділер таяқпен шабуылдаған
Ақшаға тоймайсың. Біз өз жеріміздің агробизнестен, мұнай өндіруден, заңсыз шахталар мен орман кесуден азат болғанын қалаймыз, – дейді тупинамба тайпасының өкілі Гилмар, Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Кейіннен күзетшілер мен наразылар арасында қақтығыс болды. Белсенділер ағаш таяқтар мен металл қоршауларды пайдалануға тырысқан, алайда қауіпсіздік қызметі оларды кері ығыстырып, кіреберісті үстелдермен бөгеп тастаған.
Reuters мәліметінше, кемінде екі күзетші жарақат алған. Агенттік тілшісі олардың бірінің ішінен жарақат алып, мүгедектер арбасымен әкетілгенін, ал екіншісінің маңдайынан жарақат алғанын хабарлады. Қауіпсіздік қызметі наразылар қолданған бірнеше ағаш таяқты тәркілеген.
Пікірлер (0)