Мәжіліс заң қабылдады: Енді ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынады
Фото: svtv.org
Мәжіліс депутаттары ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы түзету қабылдады. Ол Архив ісі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ЛГБТ насихатының әсері қоғамда алаңдаушылық туғызады – зерттеу нәтижелері
«Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!»: Депутат ЛГБТ насихатшыларына тағы дүрсе қойды
Депутаттарға ақпараттық шабуыл жасалған
ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу бойынша норма авторы ретінде Еділ Жаңбыршин бұл өзгерістің мәнін түсіндірді.
Бұл мәселе қызу талқыланып жатқанына бес жылдың жүзі болды. Дәл осы мінберден өзім де, әріптестерім де бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, мәселені бүге-шігесіне дейін талқыладық. Бұл қасиетсіз топ қасиетті киіз үйімізде тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорымызда гомосексуализм бар деп, тұтас халыққа жала жапты. Бұл бір. Екінші, тіпті мектептерге барып, ашық әрі заңсыз пропоганда жүргізді. Одан қалса, Еділ Жаңбыршин, Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжан, Ардақ Назаров, Елнұр Бейсенбаев пен Самат Мұсабаевқа ақпараттық шабуыл жасады. Біздің жеке басымызға өтіп, келемеждеді. Сол үшін арнайы контент әзірленіп, таратылды. Бұл - барып тұрған бассыздық, заң шығарушы органның өкілдеріне қысым жасау, адам құқығын таптау, - деді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу: петиция ішінара қанағаттандырылды
«ЛГБТ қауымдастығы шетелден қаржы алып отыр»
Депутаттың айтуынша, олар қоғамды азғындыққа үндеп, кең ауқымда насихаттау жұмысын жүргізіп жатыр.
Бүгінге дейін ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған әсірефеминистік, ЛГБТ қауымдастығы арнайы, жоспарлы түрде шетелден миллиондаған доллармен қаржы алып отыр. Бұл - мен келтірген бірнеше ғана мысал. ...Біздің ЛГБТ-ны насихаттауды заңмен шектеу бойынша қабылдап жатқан нормаларымыз кейбір халықаралық ұйымдар мен белсенділер айтып жүргендей ешқандай адам құқығын шектеуге бағытталмаған. Керісінше бұл нормалар дәстүрлі отбасылық институтты бұзудан және балалар мен жасөспірімдерді деструктив идеологиялардан қорғап, ұлттық қауіпсіздігімізді сақтауға, халқымыздың рухани иммунитетін нығайтуға септігін тигізеді, - деді ол.
Пікірлер (0)