ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу: петиция ішінара қанағаттандырылды
Сурет: Ашық дереккөз
ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға тыйым салу туралы петиция ішінара қанағаттандырылды. Астанада атышулы петицияға байланысты көпшілік алдында қоғамдық талқылау өткізіліп, мәдениет және ақпарат министрлігі оның шешу жолдарын жариялады. Бұл — тараптардың үшінші отырысы, деп хабарлайды janabastau.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
«Жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынасқа насихаттау мен таратудан қорғау, сақтау бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Қазір ғылыми зерттеулер жүргізу, мәселені егжей-тегжей зерделеп, оны реттеу бойынша тиімді тетіктерді пысықтау қажет», - дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров,
Ведомство өкілі шешімді әзірлеуде халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың ұстанымы ескерілгенін атап өтті. Сондай-ақ депутаттардың, жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар қаралып, бірқатар ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар іске асырылатын болды. Мәселен, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, оқу ағарту министрліктері ЛГБТ қозғалысының кәмелетке толмағандарға тигізер әсері бойынша халықаралық зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізеді. Есеп, әсіресе, әлеуметтік, психологиялық, медициналық бағытында дайындалмақ.
Биыл және алдағы жылда аталған мәселеге қатысты ғылыми-зерттеу ұйымдастырылады. Жан-жақты талдау жүргізілгеннен кейін қоғамдық талқылау өтеді деп жоспарланып отыр. Ал түпкілікті шешімді министрлік 6 тамызға дейін шығарып, петиция авторына жолдайды.
«Біз депортация жасап, оларды басқа жаққа қудалайын деп отырған жоқпыз. Репрессия болайын деп жатқан жоқ. Олар біздің елдің азаматы болғаннан кейін — тұрсын. Бірақ көшеде біздің балалар еркекпен еркектің сүйіскенін көрмеу керек. Әйел мен әйелдің құшақтасып, аймаласып жатқанын өскелең ұрпақ көрмесін. Осы дүниені көтеріп жүрген феминистік ұйымдардың әрқайсысын қазбалап тексерсеңіздер, әр қайсысының артында халықаралық, анау мұхиттың арғы жағынан бері қарай келіп жатқан қаржыландыру бар», - петиция авторы Бағила Балтабаева.
Пікірлер (20)
Қарсымын
Карсымын!
Қарсымын
100% қарсымын, демократияныңда адам теңдігініңде орны болу керек,
Лгбт ны жою керек, жер бетінен
Қарсымын❌🚫
Қарсымын
Қарсымын.
ЛГБТ керек емес
Қарсымын
ҚАРСЫМЫН
Қарсымын
Керек емес!
Қарсымын
Қарсымын. Жастарымыздың санасын улауға жол бермеу керек! Бұл азғын топты елге жолатпаған дұрыс.
Карсымын, керек емес!
Қарсымын. Лгбт керек емес
Лгбт керек емес
Керегі жоқ
Керек емес