Бәріміз допинг қабылдадық – ауыр атлетикадан Әлем чемпионы бар шындықты айтты
Сурет: Уақыт көрсетеді
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатның «күміс» жүлдегері Алмас Өтешов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында спорттағы бар шынжықты жайып салды.
ДОПИНГ ДАУЫ
– Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Бірақ оның ішінде тестостерон бәрін салады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Ақша бәрі. Бізді тексеруге келгенде «двойник» деген болады бізде. Менің «двойнигім» Айдос деген мысалы інім болды. Алмас Өтешов болып ол тест тапсырады. Илья Ильиннің ағасы бар – Алексей тапсырады. Олар таза болып шығады. Бәрі жемқорлық, – дейді ол.
Алмас Өтешов мәселен, қаңтарда әлем чемпионаты болса, қаңтарға дейін допинг толығымен қабылдаймыз деп мойындайды.
– Мойындаймыз. Препарат көп – тестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональды таблеткалар. Онсыз көтере алмайсың. Мысалы таза өз ағзаммен 200 келі көтерем болды. Потолок. Анау препараттардың бәрін ішіп, 230 келі көтерем. Не ішіп, не салып жатқанын бәрін білесің ғой. Ол кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы болды. Талғат Ермегияев болды. Система біреу ғой. Мажарстаннан тексеруге келеді. Бәрі хабардар ғой. Мысалы сен Талғат Ермегияевсің. Допинг-бақылауға тексеріс келеді. Министр болсаң барасың да келісесің. «Мә, саған 1 млн доллар», бітті, кетеді. Талғат Ермегияев сыйлаймын. Оны қамап тастамағанда біз де допингтен кетпейтін едік.
Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол, – дейді Өтешов.
Пікірлер (0)