Қор болып, шыдамай асылып өлген ауыр атлеттер кімдер?

Жаңалықтар
view 1095
news

Сурет: Уақыт көрсетеді

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатның «күміс» жүлдегері Алмас Өтешов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында  спорттағы бар шынжықты жайып салды.

ҚОР БОЛЫП, ШЫДАМАЙ АСЫЛЫП ӨЛГЕН АУЫР АТЛЕТТЕР КІМДЕР?

– Қазақта «ердің басына күн туса етігімен су ішер» дей ме?! Сондай болып жатыр қазір. Не айтам, бауырым... Бір көтерілсек, бәрі қолпаштайды, бір сүрінсек, бәрі жек көріп кетеді. Мен осыны түсінбедім. Қолымнан келгенінің бәрін істедім, бауырым. 230 келіні көтеру деген оңай емес ол. Соны көтердік қой. Қазір белімнен төрт жерден грыжамын. Жүрмін. Не айтам енді. Қазақ халқыма. Қазағымды жақсы көрем өзім. Бірақ билікке көтерілсең, сені бәрі қолпаштайды да, төмен құласаң, қасыңда ешкім болмайды екен. Кезінде біз Илья Ильин бәріміз көтердік. Соған шыдамай Седов пен Линдер дарға асылып өліп қалды ғой… – деді ауыр атлкт Өтешов.

Ауыр атлет Будапештте соттасып, 50 мың доллар төлегенін айтады.

Ұлттық құрамадағы допинг дауының көбі Алексей Ни бас бапкер кезінде болды. Сарапшылар мен жанкүйерлер спортшылардың допинг дауына ілінгеніне осы маманды айыптайды.

Олимпиадада алтын алған атлеттер, оның ішінде Нижат Рахимов те бар, мемлекеттен 250 мың доллар сыйақы, пәтер, автокөлік алған еді. Кейін олар допингпен ұсталған соң жұрт спортшылардан ақшаны қайтарып алуды талап еткен. Бірақ билік допингпен ұсталған спортшылардың сыйақысын қалдырған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *