Тоқаевтың ұшағы Ресей әуе кеңістігіне енген сәтте әскери ұшақтар қапталдаса ұшты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 358
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы Ресейдің әуе кеңістігіне енген сәттен бастап әскери ұшақтар қапталдасып қатар ұшты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  Ресейге сапары қарсаңында Тоқаевтың «Российская газетаға» мақаласы шықты

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілгенін жазған едік. 

Сондай-ақ Тоқаевтың 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратынын хабарлаған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *