«Лас дүниеге әуес халық»: Ресейлік блогер қазақтарға тіл тигізді
Коллаж: Orda.kz
Әлеуметтік желіде 2,1 миллион оқырманы бар ресейлік блогер Эльмира Ілясова қазақстандықтарды қорлайтын пікірлер жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қытайлық блогер Бозжырада түсірілген бейнежазбасымен желіні тәнті етті (ВИДЕО)
Қазақты кемсіткен Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты
Ол не айтты
Threads желісінде бірнеше күн бойы блогердің (elle_happy_mom) жазбаларына қатысты дау басылған жоқ. Бұл Ілясованың оқырмандарымен сұрақ-жауап айдарында «Қазақстанда жүкті болып тұрмысқа шығу қалыпты жағдайға айналды» деген жауабынан басталған. Блогердің пікірінше, мұсылман елі саналатын Қазақстанда мұндай жағдай қалыпты деп саналады.
Блогер бұл пікірімен тоқтап қалмай, қазақстандықтардың ашуын тудырған тағы бір жазба жариялады.
Өмір бақи кірдің ішінде өмір сүріп, лас дүниеге әуес халық, - деген жазбасы әлеуметтік желіде қатты резонанс тудырды.
Threads қолданушылары блогерге жазылудан бас тартып, Instagram әкімшілігіне ұлтараздық мазмұндағы жазба үшін шағым жасауға шақырды.
«Тілге абай болу керек!»
Қазақстандық блогер Алена Панамарева Ілясовадан жаппай жазылымнан бас тарту керек деп санайды.
Менің ойымша, бәрі жазылымнан шығуы керек. Әрине, ең алдымен ол біздің елді қорлады. Бірақ “өздеріңді крестпен бірге жерлеңдер” деген сияқты дөрекі түрде айту да дұрыс емес. Кейбіреулер жазып жатыр: “Неге сендер оның деңгейіне түсіп, оны талқылайсыңдар?” деп. Тынышталыңдаршы, намыс қайда? Адамның өзінде намыс болуы керек! Бізбен олай сөйлесуге болмайтынын түсінуі тиіс. Тілге абай болу керек, – деді Панамарева.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Атырау облысында да кәсіпкерді қомақты қаржыға бопсалаған блогер ұсталды
Пікірлер (0)