Қытайлық блогер Бозжырада түсірілген бейнежазбасымен желіні тәнті етті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 136
news

Фото: видеодан скрин

Қытайлық танымал блогер Тао Минсю, әлеуметтік желілерде @taotaoaima лақап атымен белгілі, Қазақстаннан жаңа бейнежазбасын бөлісті. Видеожазба еліміздің ең көрікті табиғи нысандарының бірі – Маңғыстаудағы Бозжыра платосында түсірілген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қысқа бейнероликте блогер бойжеткен «Керемет! Ақтауда, Қазақстанда» деген жазумен бүркіт ұстап, ақ шаңқан жартастардың аясында видеоға түскен. Жарияланған сәттен бастап 200 мыңнан астам қаралым жинап, қолданушылардың жоғары бағасына ие болған. Айта кетсек, Тао Минсюдің Instagram желісінде 2,8 миллионнан астам жазылушысы бар.

Бейнежазба желі қолданушыларына сән журналдарының мұқабасын еске салды.

Пікір қалдырғандардың бірі: «Сұлулық – шынайы өмірге сыймайтындай әсер қалдырады», – десе, енді бірі «Қазақстанға өмірімде бір рет болса да барғым келеді. Бұл расында да ғажайып ел, – деп жазған.

Тағы бір қолданушы: «Қазақстан – Орталық Азиядағы мемлекет. Кең даласымен, көшпелі мәдениетімен және заманауи астанасы Астанамен танымал, – деп сипаттама қалдырды.
Басқалары «Бұл тіпті Марс сияқты», «Айда таппайтыныңды Жерден табуға болады» деген пікірлерімен бөліскен.

Блогердің парақшасындағы жазбаларға қарағанда, оның Қазақстанға деген қызығушылығы кездейсоқ емес сияқты.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *