Темірлан Анарбековтің қолтаңбасы қойылған доп аукционда 12 млн теңгеге сатылды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 76
news

Фото: olimpbet.arena

Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолы қойылған доп аукционда 12 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жарақатынан айыққан Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта кірісті

Шыңғыс Мұқан Анарбековті танитынын айтып мақтанды

Допты “Асар-Уме” қайырымдылық қоры аукционға қойған. Оны кәсіпкер 12 миллион теңгеге сатып алған. Түскен қаржыға жағдайы төмен бір отбасыға баспана сыйға берілді.

Еске сала кетейік, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде жарқын өнерімен көзге түсті. Ол “Қайраттың” негізгі қақпашысы Александар Заруцкий жарақат алғаннан кейін оның орнына шықты. “Қайрат” пен “Селтик” арасындағы шешуші ойында Темірлан пенальти сериясында допты сәтті қайтарып, алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына зор үлес қосты.

Сондай-ақ ол “Пафос” және атақты “Интер” клубтарына қарсы ойындарда да қақпаны сенімді қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *