Атырау облысында да кәсіпкерді қомақты қаржыға бопсалаған блогер ұсталды

Жаңалықтар
view 88
news

Фотосурет: Diy13/Getty Images

Атырау облысында полиция жол құрылысына жауапты мердігер компания өкілінен 30 миллион теңге бопсалаған блогерді ұстады, деп хабарлайды JANABASDTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментіне компания қызметкері жүгініп, өзін блогер әрі «азаматтық белсендімін» деп таныстырған ер адамның 30 миллион теңге талап еткенін айтқан. Ол ақша берілмеген жағдайда әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін материалдар жариялаймын деп қорқытқан.

Полицияның жедел іс-шаралары нәтижесінде 1982 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ірі көлемде бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаментінің басшылығы сотқа дейінгі тергеу барысын жеке бақылауына алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *