Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Жаңалықтар
view 171
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінген болатын. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейге мемлекеттік сапармен баратынын жазған едік. Сапар барысында ол Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *