Баян Алагөзованың қызы әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
Фото: видеодан скриншот
Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек «Замандас» подкастына берген сұхбатында әкесі Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бұл тақырып өзіне әлі де ауыр тиетінін және қоғам тарапынан түсінбеушілік туғызатынын айтты.
Адамдарға мұны қалай дұрыс жеткізерімді білмеймін. «Мен әкеммен араласам» десең, бірден: «демек, сен анаңа қарсысың, оны өлтірмек болған адамды қолдайсың» дейді. Әрине, бұл олай емес, – дейді Айсәуле Бақытбек.
Оның сөзіне қарағанда, әкесімен байланыс орнатуы өткенді ақтау емес, адамдық қарым-қатынасты сақтау әрекеті.
Бірақ мен оның немерелерімен араласуына тыйым салуым керек деген сөз емес қой. Құдайға шүкір, өмір тоқтаған жоқ. Мен онымен араласам, сөйлесем, - деді Айсәуле.
Еске салсақ, 2016 жылы Баян Алагөзованың күйеуі Бақытбек Есентаев мас күйінде әйеліне пышақпен шабуыл жасаған оқиға қоғамда қызу талқыланған болатын. Кесірінен продюсер ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Кейін сот Есентаевты кісі өлтіруге оқталды деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Алты жыл өткен соң, 2022 жылы Қапшағай қалалық соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.
Бұған дейін Баян Алагөзова "тұрмысқа шыққым келеді" деп, күйеуін елдің алдында ұятқа қалдырған болатын.
Сондай-ақ танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова сәбилі болғанын жазған едік.
Пікірлер (0)