«Мен тірімін!»: Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова сәбилі болды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
108
Фото: видеодан скриншот
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін аман-есен дүниеге әкелді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет, – деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мұны көрген желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр.

“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазып жатыр олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына талай рет сиқырға ұшырағанын айтқан болатын.
Пікірлер (0)