Елордада жедел жәрдем шақырғандар оның қайда келе жатқанын онлайн бақылай алады

Жаңалықтар
view 84
news

Фото: Бақытгүл Бурбаева

Астанада енді жедел жәрдем шақырғанда, мекен жайға жіберілген бригаданың бағытын Yandex қосымшасы арқылы бақылап отыруға болады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Yandex Kazakhstan компаниясының GR директоры Мейірбек Мұқатов елордада өткен Азаматтық форумда мәлімдеді.

Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, бұл пилоттық жоба Yandex компаниясы жұмыс жүргізетін мемлекеттер ішінде тұңғыш рет Қазақстанда, соның ішінде Астанада енгізіліп отыр.

Бұл пилоттық жоба Yandex географиясы бойынша ең бірінші болып Астанада жүзеге асырылды. Биылғы сәуір айында іске қосылды. Тіпті әлі Мәскеу қаласында да жоқ. Астанадан бөлек, Ақтөбе, Қостанай қалаларында да іске қосылып жатыр. Басқа қалаларға енгізу әлі де талқылануда. Өйткені бұған технологиялық деңгейде дайындық керек, - деді Мейірбек Мұқатов.

Сарапшының айтуынша, жедел жәрдем көмегіне жүгініп, «103»-ке қоңырау шалушының телефон нөміріне SMS түрінде сілтеме жіберіледі. Сол сілтеме бойынша Yandex қосымшасы арқылы жәдел жәрдемнің бағытын бақылап отыруға болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *