Трампқа бұйырмады: Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

Жаңалықтар
view 61
news

Фото: Jesus Vargas/ Getty Images

2025 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығы Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

 

Норвегия Нобель комитетінің мәлімдемесінде Мачадо Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілету жолындағы қажырлы еңбегі мен диктатурадан демократияға әділ әрі бейбіт жолмен өтуге бағытталған күресі үшін марапатталғаны айтылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін бірнеше рет өзін Нобель сыйлығына лайық деп мәлімдеген еді. Ол Ақ үйге қайта оралғаннан кейін бірнеше соғысты тоқтатқанын алға тартқан. Бұл туралы BBC жазды.

Алайда Нобель комитетінің өкілі Трампқа сыйлық неге берілмегені туралы сұраққа:

Біздің шешімдеріміз тек Альфред Нобельдің еңбектері мен қағидаттарына негізделеді, ал қоғамдық кампаниялар ескерілмейді, – деп жауап берген.

Трамптың соңғы әрі, мүмкін, ең маңызды дипломатиялық жетістігі — Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасында қол қойылған атысты тоқтату және израильдік тұтқындарды қайтару туралы келісім. Бұл құжатқа тараптар сәрсенбі күні қол қойған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *