Қазақстанда зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
Жаңалықтар
34
Фото: istockphoto.com
2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері қанша теңгеге көбейетіні белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сенатқа заң жобасы түсті
Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы түсті. Құжатта әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлемін арттыруға қатысты маңызды өзгерістер қарастырылған.
Жобаға сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты төленетін зейнетақы, еңбек өтілі үшін берілетін зейнетақы төлемдері 10 пайызға ұлғайтылмақ.
Қанша теңгеге көбейеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленетін негізгі әлеуметтік көрсеткіштер:
- Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
- Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге
- Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге
- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге
- Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге
Пікірлер (0)