«Бұл – кездейсоқтық емес»: Астанада қайтыс болған фельдшер туралы тың дерек шықты
Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада көз жұмған фельдшердің өліміне қатысты тың ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер әйел қайтыс болды
«Комада жатқанда Құран оқыдым»: Күйеуі марқұм фельдшердің сонда жылағанын еске алды
«Екі апта ғана бірге тұрдық»: марқұм болған фельдшердің күйеуінің жазбасы тарады
Заңгердің пайымдауынша, фельдшердің қаза болуына кондиционер емес, қасбеттегі кірпіштердің құлауы себеп болған.
Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректі жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған, – деп жазды ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
«Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты
«Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты
Ол қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен жалтару адам өліміне әкеп соқтырғанын жазды.
Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты. Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіздердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді, – деп жазды заңгер.
Пікірлер (0)