Көкшетауда «Қауіпсіз жол-балалар үшін» атты ауқымды акциясы өтті

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет: дереккөз

Ақмола облысының прокуратурасы Полиция департаменті және әкімдікпен бірлесіп, оқушылардың жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз жол-балалар үшін» ауқымды оқыту іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Акция 1-6 сынып оқушыларын қамтып, оқу тәжірибесі үшін жаңа форматты - жол-көлік жағдайларының шынайы визуалды қойылымдарын ұсынды.

Бағдарлама барысында шын автомобильдер, арнайы манекендер және ЖКО қайталанатын сценарийлерінің сериялары пайдаланылды. Әрбір қойылым - оқиғаның себептері, салдары, әдеттегі қателіктер және баланың жолдағы дұрыс әрекеттерінің алгоритмі егжей-тегжейлі зерттелді.

Мұндай әдіс балаларға ықтимал қауіптерді тереңірек түсінуге, қауіпті жағдайды эмоционалды сезінуге және қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін бекітуге мүмкіндік береді. Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы жауаптылықты қалыптастыру - ерте жастан басталатынын, ал мұндай тәжірибеге бағдарланған жобалар балалар жарақатының алдын-алудың тиімділігін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Бағдарламаның мақсаты - оқушылар арасында заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін нығайтып, кәмелетке толмағандардың қатысуымен ЖКО санын азайту. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *