“Тазару үшін Меккеге бардым“. Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің қанды қылмыстан кейінгі бағыты айтылды

Жаңалықтар
view 30
news

Фотосурет: kazinform

16 маусымда сотталушы айғақ беріп, онда қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттері, соның ішінде шетелге шығуы және қажылыққа бару әрекеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Іс материалдары мен Сәрсемәлиевтің өз көрсетпелеріне сүйенсек, ол қылмыс жасағаннан кейін бірден тергеуден бой тасалап, өз сөзімен айтқанда "шындықтан қашу" үшін Қазақстаннан кетіп қалған.

Сотталушы өз әрекетін ұзаққа созылған қарыз міндеттемелерінен туындаған терең күйзеліс деп түсіндірді. Оқиғалардан бір ай өткен соң, ер адам Түркия арқылы Сауд Арабиясына ұшып кеткен және бұл сапарын тек діни себептермен байланыстырды.

"Меккеге тазару үшін бардым. Қажылық жасайын деп ойладым. Түркиядан кейін, сол айда, 10 қарашада (2025 жыл - ред.) бардым. Жаратқаннан: "өтінемін, кешіре гөр" деп тіледім", - деді Сәрсемәлиев сотта берген жауабында. 

Айыпталушының айтуынша, қасиетті жерлерде 10 күн болғаннан кейін ол "сабасына түскендей" болып, содан соң Қазақстанға оралуды ұйғарған. Дегенмен, өкіну және кешірім іздеу туралы сөздерден кейін сотталушы жауапкершілікті қаза тапқандардың өздеріне жүктеп, өз іс-әрекетін жеке реніштері және отбасылық жанжалдармен түсіндіруге тырысты.

"Иә, мен қателік жасадым, бірақ олардың да кінәсі бар. Олар біздің өмірімізге үнемі араласып, мені қорлап, намысыма тиетін. Ақбаян екеумізді ажыратып, балаларды тартып алғысы келді, бұл шымбайыма батты. Қазір ойлап отырсам: олардың істегендері өтірік емес пе еді? Құдай өзі таразыласын", - деді сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *