Президент Қорғаныс министріне тапсырма берді

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады. 

Дәурен Қосанов: 

➤ Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берді. 

➤ әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндады. 

➤Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілгенін жеткізді. 

➤ Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды. Мемлекет басшысы: Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *