Атырауда күтпеген жағдай: ҰҚК қызметкері ұсталды

Жаңалықтар
view 86
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі  «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, 32 жастағы жедел уәкілді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірген. Тінту кезінде оның қалтасынан және автокөлігінен салмағы бір килограмнан асатын ұнтақ тәрізді зат табылған.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі. Басқа ақпарат әзірге жарияланбай отыр.

Атырау облыстық полиция департаменті де түсініктеме беруден бас тартып, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес деректер тек прокурордың келісімімен жарияланатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *