Астана әуежайына қатысты тергеу басталды
Сурет: Ашық дереккөзден
Астана әуежайына жанармай бағасын негізсіз қымбаттатты деген айыппен тергеу басталды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты ұшақтарға жанармай құю құнын негізсіз көтеру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Астанадағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті мәліметінше, Кәсіпкерлік кодекстің 224-бабына сәйкес тергеу қорытындысының жобасы компанияға 30 күн бұрын жіберілген. Бұл құжат алдын ала танысу және қарсылықтар мен түсініктемелер беру үшін жолданғанын атап өтті.
«Қорытынды баға тергеу аяқталғаннан кейін беріледі», – делінген ресми жауапта.
Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Астана әуежайына жанармай бағасын заңсыз көтерді деген айып тағылғаны хабарланған болатын.
Пікірлер (0)