Qarakesek есірткі ісіне ілікті: рэперге қандай жаза тағайындалуы мүмкін?
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстандық танымал рэпер Qarakesek (Омар Амантаев) есірткі сақтады деген күдікпен тергеуге алынды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Ақтөбеде тіркелген. Рәсми мәліметке сәйкес, 31 жастағы өнер иесі көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Бірақ бұл оқиға мұнымен шектелмейді. Тексеру барысында полиция әншінің жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет тауып, қылмыстық іс қозғады. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің «Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау» бабымен жүріп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, оған:
- 629 120 теңгеге дейін айыппұл (160 АЕК),
- 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс,
- не 40 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.
Qarakesek — елге ерекше стилімен танылған лирикалық рэп орындаушысы. Шығармашылығын жасөспірім шағында бастаған ол 18 жасында алғашқы альбомдарын шығарған. Қазір оның бейнебаяндарын YouTube-та миллиондаған көрермен тамашалайды.
Қазір тергеу жалғасуда, ал әншінің тыңдармандары әлеуметтік желілерде қызу пікір білдіруде.
Пікірлер (0)