Атырауда трансвеститтер "клиенттеріне" ВИЧ-ті қасақана жұқтырған
Фотосурет: видеодан скриншот
Атырауда АИТВ-ны (ВИЧ) қасақана жұқтырды деген күдікпен 2 трансвестит ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
23 және 28 жастағы күдіктілер өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап ақылы интимдік қызмет көрсеткен. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полиция. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр.
Пікірлер (0)