Ауыл әкімдерінің беделі жоқ – Мәжіліс депутаты

Жаңалықтар
view 118
news

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев ауыл әкімдерінің беделін, құзыретін көтеру мәселесін көтерді, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Қазір ауыл әкімдерінің ешқандай беделі жоқ. Ауыл әкімінің халықпен кездесуіне ешкім бармайды, жиналатыны 10-ақ адам. Ал ауылда біреу ас берсінші, бәрі жиналады. Неге? Себебі ол жерде қызық әңгімелеседі, ой бөлісіп, бір-бірін тыңдайды. Пайдасы бар, әкімдердің жиналысынан пайда жоқ, неге? Әкімдердің құзыреті де, беделі де жоқ. Аудан әкімдері ауыл әкімдерін күнде шақырып алады, күнде жиналыс. Цифрландыру бар, видеокамера бар, сонда да кел деп шақырып алады, кедейдің кеңесі бітпейді дейді. Әкім қашан халықпен жұмыс істейді?», - деді Анас Баққожаев Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата отырысында.

Халық қалаулысының айтуынша, тұрғындардың мәселесін шешуге әкімнің ақшасы жоқ.

«Сондықтан да халық әкімдердің халықпен кездесуіне келмейді. Әкімнің неге құзыреті жоқ дегенге келсек, айталық мал дәрігері сырғасыз жүрген малды көргенде қожайынына айыппұл салу үшін инспекторды күту керек, қашан осыны тоқтатамыз? Әкімдер несие, әртүрлі гранттар береміз деп кепіл бере алмайды. Әкім жазған хатпен ешкім санаспайды. Менің айтарым, ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жасап, IV деңгейдегі бюджетті көтеруіміз керек. Екіншіден әкімнің құзыретін күшейтуіміз керек. Мәслихатқа тиісіп керегі жоқ, олар жақсы жұмыс істеп жатыр. Бірақ, мәслихаттың да беделін көтеруіміз қажет», - дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *