"Ауызашарда дұғаны қазақша айта беріңіздер" – Нұрлан имам

Жаңалықтар
view 107
news

Фото ашық дереккөзден

Ауызашарда дұғаны арабша жасау міндетті емес. Бұл сұраққа еліміздегі танымал имам Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Ауызды бекітіп, ашқанда неге дұға оқимыз? Біріншіден, осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашқан кезде бір дұға қабыл болады деп келген. Сонда сол дұғам қабыл болар ма екен деп еліне, жақындарына, отбасына, отанына, баршамыз маңайымызға дұға жасайық. Өзіңіз ойлаңызшы, миллиондаған адамдар дұға жасаса, "Көптің батасы – көл" демей ме қазақ халқы?! Ал енді дұғаны арабша жасау міндетті емес. Біздің өзіміздің қиыры көрінбейтін, терең мағыналы, әр сөзінде нәрі мен нұры төгіліп тұратын тіліміз бар. Сол сөздерімізбен қазақша айта беріңіздер. Тілектеріңіз қабыл болсын. Бекіткен кезде ниетті жүректен жасаса жеткілікті, бірақ ауызбен айтқан сауапты болады, - дейді имам.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *