Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясындағы Пайғамбар мұражайына кіруге жеңілдіктер ала алады
Фото: СІМ
Джиддадағы Қазақстанның бас консулдығы мен мұражай операторы Al-Salam компаниясы Сауд Арабиясындағы діни орындарға баратын қазақстандық қажыларға жеңілдіктер қарастыратын меморандумға қол қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан азаматтары Меккедегі Абраж әл-Бейт кешеніндегі Пайғамбардың өмірбаяны мен ислам өркениеті халықаралық мұражайына кіру билеттеріне жеңілдіктер алады. Жеңілдік бағдарламасы мұражайдың Мединадағы филиалына да таралады.
Бас консулдық мұражай мұндай келісімге қол қойған алғашқы ел Қазақстан екенін атап өтті. Бағдарлама шектеулі мерзімге жарамды және ұзарту мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Астанада Орталық Азиядағы алғашқы Мұхаммед пайғамбар мұражайының ашылуына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер (0)