Ақмолада із-түзсіз жоғалған «Қазгидромет» қызметкерін іздеу тоқтатылды
Жаңалықтар
24
Фото: ТЖД
Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен «Қазгидромет» қызметкерін іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ТЖД хабарлауынша, ер адам 5 сәуірде Ақмола облысы Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылында жоғалып кеткен. Ол үйінен жұмысқа шығып, қайта оралмаған.
Оны іздеуге құтқарушылар, полиция, жергілікті билік өкілдері және еріктілер жұмылдырылған. Аумақ толық тексеріліп, өзен де сүңгуірлердің қатысуымен қаралған. Алайда еш нәтиже болмаған.
ТЖД мәліметінше, су деңгейі түскеннен кейін іздеу жұмыстары тоқтатылған.
Полиция жоғалу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Пікірлер (0)