Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда қаза болды
Жаңалықтар
23
Фото: depositphotos.com
Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны стоматологиялық клиникада мерт болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Астана қалалық Полиция департаменті өлімді растады.
Астана Полиция департаменті қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 20 жастағы астана тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шаралары басталды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген департаменттің мәлімдемесінде.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас жігіттің Астанадағы стоматологиялық клиникада қаза болғаны туралы хабарламалар тараған.
Тіс дәрігері дәріні аллергиялық тестсіз енгізген. Инъекциядан кейін М құрысып, жағдайы тез нашарлаған. Осыған қарамастан, оған екінші инъекция жасалған. Кейін М қаза болған. Сондай-ақ инъекцияны тәжірибеден өтуші дәрігер аллергиялық тестсіз енгізгені және тіс дәрігері жағдайды дұрыс бақыламағаны туралы хабарланды. 1993 жылы туған медбике де қатысқан, – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)