Азаматтық некедегі әйелін пышақтаған ер адам ұсталды

Жаңалықтар
view 204
news

Сурет: видеодан скрин

Ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Атырау облысының полиция департаменті күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Күдікті Ақтау қаласында жүрген жерінен ұсталды. 

“Кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туған әйелді өлтіруге оқталған 1995 жылғы күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *