"Өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған: Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды

Жаңалықтар
view 841
news

Сурет: ашық дереккөзден

"Мәйіті пакетке оралған": Германияда жоғалып кеткен қазақстандық экс судьның денесі табылды,- деп хабарлайды Janabastau.kz Bild басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін экс судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексеріп жатыр. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді.

"Сайлыбаевамен бір уақытта оның 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі болды. Баланың өзі аман, қазір туыстарының қамқорлығына берілген. Сайлыбаеваның анасы мен ағасы Қазақстаннан Германияға келді”, – делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазір Донцованы іздестіру жұмыстары жалғасуда және екі із-түссіз жоғалғандар арасында байланыс орнатылуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *