Баға бақылаудан шықты: мұнай күрт қымбаттады

Жаңалықтар
view 192
news

depositphotos.com

Мұнай бағасы дүйсенбі, 2 наурызда сауда-саттықты күрт өсіммен бастады. Нарық 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және Ислам Республикасының жауап соққылары туралы жаңалықтарға осылайша реакция білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпаратагенттігі РБК-ға сілтеме жасап.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері 13,04% өсіп, шарықтау шегінде бір баррель үшін 82,37 долларға дейін жетті. Бұл — Астана уақытымен 04:00-дегі сауда деректері.

Соңғы рет мұнай бағасы 82 доллардан жоғары деңгейде бір жылдан астам уақыт бұрын — 2025 жылғы 16 қаңтарда саудаланған.

Кейін өсім баяулап, 8,93% деңгейіне түсті: Brent бағасы 79,38 доллар шамасында болды.

Айта кетейік, ICE Futures алаңында демалыс күндері Brent бойынша сауда жүргізілмейді. Сондықтан нарық Ирандағы оқиғаларды тек бүгін ғана бағаға енгізіп отыр.

Ормуз бұғазы ресми түрде жабылған жоқ, алайда үш танкер соққы астында қалған. Сақтандыру компаниялары кейбір бағыттар бойынша сақтандыру өтемін тоқтатып, ал мұнай алпауыттары мен трейдерлер мұнай, жанармай және СТГ (сұйытылған табиғи газ) жөнелтуді уақытша тоқтатты. Бұғаз арқылы қозғалыс 38–50% төмендеген.

Reuters агенттігі MarineTraffic кеме бақылау платформасының деректеріне сүйене отырып, Парсы шығанағында Ормуз бұғазынан бергі ашық суларда кемінде 150 танкердің (оның ішінде мұнай тасымалдаушылар да бар) якорьге тұрғанын хабарлады. Тағы ондаған кеме бұғаздың арғы бетінде — Араб теңізі жағында тұр.

Сарапшылардың пікірінше, егер Ормуз бұғазы толықтай жабылып қалса, мұнай бағасы 100 доллар межесінен асып кетуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *