Жанболат пен Жазира Байырбекова Дубайда қалып қойды: өңірдегі ахуал ушығып тұр

Жаңалықтар
view 230
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Танымал жұлдызды жұп Жанболат  пен Жазира Байырбекова Дубайда қалып қойғанын мәлімдеді. Әншілер Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа барып, Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған. Бұл туралы JANABASTAU.KZ жазды.

Жағдайға қатысты Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жақындарының уайымдап хабарласып жатқанын жеткізді.

"Директке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға үлкен рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз. Ниеттеріңізге рақмет!" – деп жазды әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *