Байсеркеде «Байсерке аспаны – 2026» авиациялық мерекесі басталды

Жаңалықтар
view 40
news

Фото: Ресми дереккөзден

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында «Байсерке аспаны – 2026» авиациялық мерекесі өтіп жатыр. Ашық аспан астындағы шара авиация әуесқойларын, сала мамандарын, өңір тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шара аясында Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Мерекеге Қазақстанның Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов бастаған авиация саласының белгілі өкілдері қатысты. Шара барысында әуе кемелері мен авиациялық техника көпшілік назарына ұсынылып, түрлі көрсетілімдер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Қонақтар әуе техникасын жақыннан тамашалап, мамандармен тілдесіп, авиациялық мамандықтар туралы мағлұмат алды.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің авиацияға қызығушылығына ерекше мән берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың техника мен инженерияға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға бағыт береді. Сонымен қатар «Байсерке аспаны – 2026» мерекесі Алматы облысының туристік мүмкіндіктерін танытуға да мүмкіндік беріп отыр. Авиация мен туризмді ұштастыратын шара өңірдің тартымдылығын жаңа қырынан көрсетуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *