"Байтақ" партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды
Фото: Ашық дереккөзден
«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстанда өткен Құрылтай сайлауының нәтижелеріне қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол қазіргі уақытта сайлаушылардың ерік білдіруінің нәтижесіне күмән келтіруге негіз болатын расталған фактілер жоқ екенін мәлімдеді.
Партия басшысы «Байтақтың» халықтың таңдауын құрметтейтінін және сайлаудың заңға сәйкес белгіленген ресми нәтижелерін мойындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, партия сайлау қорытындыларына қатысты тиісті ресми деректерге сүйенеді. Әміртаев сондай-ақ сайлауға қатысып, азаматтық белсенділік танытқан қазақстандықтарға ризашылығын жеткізді. Партия төрағасы бұл пікірін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша, Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, көш бастады. «Ауыл» – 6,26, Respublica – 5,56, «Ақ жол» – 5,21, ОСДП – 5,11 пайыз дауыс алды. «Байтақ» партиясын сайлаушылардың 1,07 пайызы қолдады. Жалпы сайлауға қатысу көрсеткіші 74,08 пайыз болды.
Пікірлер (0)