Баку сапары: Тоқаев Әлиевті «Алтын қыранмен» марапаттады
Жаңалықтар
131
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары аяқталды. Сапар соңында екі ел президенті Бакудың басты алаңында құрылған қазақ орталығына барды.
Тоқаев ресми сапары кезінде осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар Әзербайжанның азаттығы мен территория тұтастығы үшін қаза тапқан жауынгерлер жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға да гүл шоғын қойды.
Кездесудің алғашқы күні Қазақстан басшысы: «Бұл менің президент ретінде Әзербайжанға алғашқы сапарым. Сапар кезінде бірқатар маңызды мәселелер туралы пікір алмасу болады. Өте маңызды құжаттарға қол қоймақшымыз. Сондықтан бұл кездесу екі ел арасындағы қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа үлкен серпін береді. Сізге ризашылығымды білдіріп, қонақжайлығыңызға рақметімді айтқым келеді», – деп жылы лебіз білдірді.
Сапар кезінде екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Тоқаев Әлиевті «Алтын қыран» орденімен марапаттады. Аталған орден 1995 жылы белгіленген ең жоғары дәрежелік белгі. Яғни аса жоғары мемлекеттік награда саналады.
Пікірлер (0)