“Балаларымыздың қанша өмір сүретіні белгісіз”: Мүгедектігі бар балаға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген
Сурет: Kyn.kz

“Балаларымыздың қанша өмір сүретіні белгісіз”: ерекше қажеттігі балаға мерзімі өткен дәрі берілген
Қарағанды облысында мүгедектігі бар балаға учаскелік амбулаторияда мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек берген. Анасы мұны баланың жағдайы күрт нашарлағанда ғана байқаған, деп хабарлайды Janabastau.kz ақпарат агенттігі KYN.KZ порталына сілтеме жасап.
Әлия Москаленконың ұлы 8 жаста. Жанға миының органикалық зақымдануы және эпилепсия диагнозы қойылды. Бір жарым жыл жағдайы жақсарып келе жатқан. Бірақ мамырда ұстамасы ұстап, баланың жағдайы нашарлады. Сонда ғана Әлия жергілікті дәрігерлік амбулаторияда қабылдап жүрген құрысуға қарсы дәрінің жарамдылық мерзімі наурыз айында біткенін байқады. Ал ол мамыр айында берілді. Бұрын алған дәрінің де мерзімі өтіп кеткен.
“Менің ойымша, бұл – қылмыстық іс. Мен мұны бұлай қалдырмаймын, себебі балаларымыздың қанша өмір сүретінін бір Алла біледі. Ал мен баламды осылай жасанды улап, денсаулығына зиян келтіруге ешкімге жол бермеймін”, – деді ерекше күтімді қажет ететін баланың анасы Әлия Москаленко.
Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жауапты аудандық аурухана түсініктеме беруден бас тартты. Олар дәрігер дәріні 2024 жылдың 31 желтоқсанында жазып бергенін түсіндірді. Бұл туралы анасы 1414 қызметі арқылы хабарлама алған, медицина қызметкерлері де телефон арқылы хабарлаған. Алайда Әлия бұрын алған дәрі-дәрмек әлі жететінін айтты.
“Бұл дәріні бергенде, учаскелік медбике дәрінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамаған. 046, қызметкер еңбек демалысынан оралғаннан кейін жіберілген қатеге байланысты тәртіптік кеңес өткізу жоспарланып жатыр, онда медбикенің атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады”, – деді Бұқар жырау аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Айгүл Мергембаева.
Жанжалдан кейін балаға жаңа дәрі берілді. Дегенмен ана ауыл медбикесінің кінәсі жоқ деп есептейді. Өйткені ол дәрі-дәрмекті аудан бойынша кепілдендірілген тізімнен алады.
“Көрші көшеде тұратын адам желтоқсаннан мамырға дейін қалай табылмайды екен? Қалай мен дәріні алып кетпеймін? Ол дәрі балама керек”, – деді ана.
Дәрігерлер емделушілердің өздері де қабылдаған дәрілердің жарамдылық мерзімін бақылауы керек деп есептейді. Әлия жергілікті депутатқа, облыстық денсаулық сақтау басқармасына және прокуратураға хабарласты. Ол сотқа беруге ниетті.
Пікірлер (0)