«Балам адам өлтірмейді»: Атырауда елді дүрліктірген оқиғаға күдіктінің анасы сұхбат берді

Жаңалықтар
view 130
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Атырауда жоғалған отбасында болған қанды қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген күдікке ілінген Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғынының анасы КТК арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Телеарнаның хабарлауынша, Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік қылмыс бойынша күдіктінің анасы соңғы рет онымен 11 желтоқсанда сөйлескенін айтады. Одан кейін хабарсыз кетіпті. Келіні психдиспансер есебінде тұрған көрінеді. Сол себепті балаларды өзі бағып-қағады екен. Ал күдікті мен әйелі Атырауда үй жалдап тұрған. 

Мен баламды өйтіп тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын, мүмкін емес ол, мүмкін емес. Сенбеймін. Әкесі қатты, әкесінен қорқады негізі. Әскерден келген соң күзетте жұмыс істеді. Қазір істемейді, жүк тасушы болып істеп келеді, - дейді күдіктінің анасы Гүлнар Әзмұқанова. 

Ол "немерелерімді өз жауапкершілігіме аламын" деп отыр. Бес баланың үлкені - 10 жаста, кішісі - бір жаста.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *