Баласымен қайыр сұрап тұрған әйелге ер адам мүшеқап лақтырған
Сурет: видеодан кадр
Баласымен қайыр сұрап тұрған анаға ер адам мүшеқап лақтырды — желі қолданушылары ашуға булықты
Әлеуметтік желілерде баласымен бірге көше бойында қайыр сұрап тұрған әйелге ер адамның мүшеқап лақтырғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды janabastau.kz. Бұл әрекет көпшіліктің ашу-ызасын туғызып, кеңінен талқылануда.
Кадрдан әйелдің алдында ашық тұрған картон қорап пен балаға арналған бөтелке байқалады. Сол сәтте белгісіз ер адам қорапқа ақша салудың орнына мүшеқап лақтырып кеткен. Видео астына мыңдаған пікір жазылып, жұртшылықтың басым бөлігі мұндай қадамды қорлау әрі адамгершілікке жат әрекет деп бағалап отыр.
Кейбір қолданушылар бұл — әйелді мазақтау, аналық қадір-қасиетті аяққа таптау деп жазса, өзгелері қайыршылық мәселесінің терең себебі мен қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке назар аудару керектігін айтып жатыр.
https://youtube.com/shorts/pcGQromTD0w?si=AS9BwDYJ7egn6J2T
Пікірлер (0)