«Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилист» командасымен кездеседі

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Қазірге дейін командалар 54 мәрте шеберлік байқасты. Оның 32-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 30 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Автомобилист» 39 ұпаймен 10-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын сырт айдында өткізіп, 18 желтоқсанда Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.

«Барыстың» алдағы екі ойынға құрамы

Қақпашылар: Никита Бояркин, Артём Шестаков, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Эмиль Галимов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Мэйсон Морелли, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман, Аңсар Шайхмедденов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *