«Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған...»

Редакция таңдауы
view 121
news

«Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған...»

Мұғалім өзінің білімдігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.    Мәлік Ғабдуллин

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін, өз баласындай жанына жақын тартатын мейірімді, адал жандар. Кез келген сабақтарында оқыту тәсілін қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандыратын, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасайтын , жалпыға міндетті негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған оқушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастыра білетін ұстаздар да аз емес. Сонымен қатар шығармшылық жұмыстар өткізіліп, жас мамандарымыз да қалыс қалмай жұмыс жасауда. Кез-келген мұғалім әріптестерінің, ата-аналарының психологиясына терең үңіле қарайтын, қандай мәселенің болмасын оңтайлы шешімін таба білетін білімдері мен біліктіліктері, тәжірибиелері мол ұстаздар. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Осы мақала барысында мектебіміздің білгенін балаға үйретуден жалықпайтын, тәжірибесін әріптестермен үнемі бөлісетін бастауыш сыныптың ұстаздары Қасымханова К.Ш., Куанышева К.Р., Мусина М.Б.,Темиржанова А.С., Амантаева С.Т., Маханбетова Р.Т., Дүрмзд Жайнагүл. Қалдыбекқызы Жанар, Қуандыкова Г.О.,Кожабекова Р.А.,Тусупова А.Т.,Хамзина М.К., Куттыбаева И.Р.,Муратхан Дария, Ауелбекова Қ.Ж., Ауесханова Ж.С., Салбенбекова М.Д. және Атай Айназ бастауыш сыныпта осындай әріптестерім барына мақтан тұтамын. Бастауыш сынып мұғалімдері өз жұмыстарына берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, сыныптағы әр балаға жанашырлық танытып, махаббатпен қарайтын жауапершілігі мол үлгілі ұстаздар. Ақмола облысы, Қосшы қаласы IT мектеп-лицейі Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Туманбаева Н.Г.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *