Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Жаңалықтар
view 109
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі ақын, драматург Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның халық жазушысы, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын, драматург және талантты сазгер Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Исраил Сапарбай ағамыз 18 шілде күні таңғы сағат төрт шамасында Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының қасында ауыр науқастан көз жұмған. Қайғылы хабарды ақынның ұлы Нұрлан Исраилұлы жеткізген.

Исраил Сапарбай — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, нәзік лириканың шебері. Ол артына ел есінде сақталар сазды әндер, терең мағыналы жырлар мен сахналарда қойылған пьесалар қалдырды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *