Қазақстандық актер Қайрат Кемалов өмірден өтті

Жаңалықтар
view 70
news

Фото: Фильмнен кадр

Театр мен кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов өмірден өтті, деп хабарлайды janabastau.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«69 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер Қайрат Кемалов өмірден өтті. Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады. Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді» деп жазды әкім.

Ресми деректерге сәйкес, Қайрат Кемалов кәсіби жолында жүздеген рөлді сомдаған. Оның шығармашылығы классикалық туындылардан бастап заманауи драмаларға дейінгі кең диапазонды қамтыды.

«Ол шеберлігі, мамандыққа деген үлкен адалдығы арқасында отандық театр және кино тарихында терең із қалдырды. Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен достарының, көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады», – деп түйіндеді Ермағанбет Бөлекпаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *