Белгілі ақын Күләш Ахметова дүниеден өтті

Жаңалықтар
view 501
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Бүгін белгілі ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова өмірден өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы хабарды Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, Жазушылар Одағы өңірлік филиалының директоры Хамит Есаман жеткізді.

Қош болыңыз, қазақ өлеңінің Ақ Гүлі! Аяулы ақын Күләш Ахметова апайымыз дүниеден өтті. Жақсы жан еді, бәрімізге қамқор, қасиетті адам еді. Жаназасы 16 қараша күні Тараз қаласы, Фазлаев көшесі, 53-үйде, сағат 10:00-де ақынның өз шаңырағында болады, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әдеби қауымға және барша қазақстандықтарға көңіл айтты.

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.

1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тәмамдаған.Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жж. «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.

Марапаттары

1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді;

2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;

«Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері; 2006 жылы - Құрмет ордені; 2017 жылы - Парасат ордені; Жамбыл облысының құрметті азаматы;

ҚР көптеген мерекелік медалдарымен және президенттің алғыс хаттарымен марапатталған;

ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың әдебиет саласындағы мемлекеттік және президенттік степендияларының иегері.

Кітаптары

Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975 ж.

Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977 ж.

Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979 ж.

Мейірім. «Жалын», 1981 ж.

Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982 ж.

Жасыл жағалау. «Жалын», 1984 ж.

Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985 ж.

Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987 ж.

Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987) ж.

Наурыз нұры. «Жазушы», 1991 ж.

Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996 ж.

Бақ. «Атамұра», 2006 ж.

Құт. «Дәуір», 2006 ж.

Махаббат. «Дәуір», 2007 ж.

Жайна Қазақстан, «Салық тәртібі», 2011 ж.

День отрады, «Седьмая верста», 2014 ж.

Бақытты болыңдар, «Қазақпарат», 2014 ж.

Орман. «Фолиант», 2015 ж.

Менің сәулелі сәттерім. «Шығыс ақпарат», 2015 ж.[1]

Сондай-ақ ақының өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ал өзі А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. ж.[2]

Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Күләш Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры ақынның лирикалық толғаныстарының арқауы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *