«Бір күнгі еңбек – мың күндік азық»: Өнер майталмандары референдумда дауыс беріп жатыр

Жаңалықтар
view 35
news

Фото: ашық дереккөз

Ел өміріндегі елеулі оқиға – республикалық референдумда дауыс беру қарқынды түрде жалғасып жатыр. Өз таңдауын жасаған азаматтар қатарында өнер саласының майталмандары да бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, театр және кино актеры Тұңғышбай әл-Тарази, актриса Данагүл Темірсұлтанова, жазушы Мұратқали Дүйсембаев, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры Ақан Жылқышыбайұлы өз парақшаларына сайлау учаскесіне барып, жәшікке бюллетень салған сәттерін жариялады.

Бір күнгі еңбек – мың күндік азық. Бүгінгі таңдау – ертең үшін, - деп жазды «Қазақконцерт» директоры.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *