«Бірінші референдум» акциясы: 18 жастағы сайлаушымен сұхбат
Фото: Ерейментау ауданы әкімдігі
15 наурыз күні Қазақстанда маңызды қоғамдық-саяси оқиға — республикалық референдум өтуде. Бұл күні ел бойынша азаматтық белсенділікті қолдауға және жастардың мемлекет өміріне қатысуына бағытталған түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Осындай бастамалардың бірі — «Бірінші референдум» акциясы, оның аясында алғаш рет дауыс беріп отырған жас сайлаушыларға ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Бурабай ауданындағы №314 сайлау учаскесінде 18 жастағы аудан тұрғыны — Тимур Бакытбекович Мынжасаров алғаш рет дауыс берді. Мынжасаров Тимур Бакытбекович — Щучинск қаласындағы Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 3 курс студенті. Биыл ол алғаш рет дауыс беруге қатысып, белсенді азаматтық позициясын және елдің қоғамдық өміріне деген кызыгушылыгын танытуда.
Ол үшін бұл күн ерекше, себебі ол алғаш рет өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінді.
Жас сайлаушының айтуынша, референдумға қатысу — маңызды азаматтық қадам. Оның айтуынша, әрбір адам белсенді азаматтық ұстаным танытып, мемлекетте кабылданатын маңызды шешімдерден тыс қалмауы тиіс.
«Бірінші референдум» акциясы жастардың қоғамдық өмірге қатысуының маңыздылығын көрсетуді мақсат етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жас азаматтардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, саяси процестерге кызыгушылыгын арттыруға және өз дауысының маңызын түсінуге көмектеседі.
Бүгінгі күн көптеген жас қазақстандықтар үшін символдық мәнге ие болды. Олар алғаш рет сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл жастардың азаматтық санасының артып келе жатқанын және ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.


Пікірлер (0)