«Бірнеше сағат бойы қинап, аяқ-қолын тілгілеген»: Атырауда бойжеткенге қорлық көрсеткен жігіт ұсталды

Жаңалықтар
view 80
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Атырауда 8 наурыз күні таңертең 21 жастағы жігіт 19 жастағы бойжеткенді бірнеше сағат бұрын ұрып-соғып, қинап, денесін пышақпен тілгілеген. Атырау облысының полиция департаменті Azattyq Rýhy редакциясына осы іс бойынша ресми мәлімет берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«21 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Қинау» бабы бойынша қылмыстық іа қозғалды», - деп растады полиция.

Әзірге белгілі болып отырғаны күдіктінің үстінен 9 наурыз күні бірнеше іс қозғалған. Бірақ, ол Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша ғана айыпталған.

Енді, полицияның мәліметіне сүйенсек, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамалған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *