Әкімдік Астанадағы LRT-ның билетін 200 теңге деп бекітуді ұсынды

Жаңалықтар
view 35
news

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Астана қаласы әкімдігінің «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» Ашық-нормативтік құқықтық актілер сайтына жаңа құжат шығара отырып, қаладағы LRT пойызының билетін 200 теңге деп бекітуді ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

«Қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемнің бағасы 200 теңге, жеңілдігі бар адамдар үшін 0 теңге деп бекіту ұсынылды», - деп жазылған құжатта.

Құжат наурыздың 27-сіне дейін талқыланады. Айта кетейік, әрбір азамат LRT-мен қатынау үшін өз атына төлем картасын басып шығаруы керек екені хабарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *